Ұйым кейінгі 3 жылда ауыл шаруашылығы, биотехнология, генетикалық ресурстар, астық қоры сияқты бірқатар салаға қатысты 50-ге тарта меморандумды бекіткен. Сондай-ақ, 16 халықаралық маңыздағы бағдарламаны іске қосты. Бұл жөнінде IOFS-тің бас директоры Ерлан Байдәулет форум кезінде айтты. Халықаралық шараға Швейцария, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар сияқты 20 мемлекеттің өкілдері қатысты. Сарапшылардың айтуынша ұйым аз уақыт ішінде зор әлеуетке ие екендігін көрсетіп, Ислам әлемі елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламаларын үйлестіретін негізгі платформа бола алатындығын дәлелдеп отыр. Ерлан Байдәулет, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры: - Жалпы стратегиямыз бойынша бізде 5 жол бойынша 16 бағдарламамыз бар. Бағдарламаны орындау ол жәй ғана жеңіл мәселе емес. Оны тек қана бірігіп істеуіміз керек. Ел қолдап жатыр. Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен жұмыс істеп жатырмыз.
Please find the original version of the article below:
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/577731-a-i-bir-zhyldy-zh-mysyn-orytyndylady
АҚИҰ БІР ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
13 December 2022