Амман, Иордания, 17 қаңтар 2025 ж. – Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры, Елші Берік Арын мырза Иорданиядан Газаға "Адамзатқа ұн – Газадағы жағдайға байланысты шұғыл үндеу" атты алғашқы гуманитарлық көмек жөнелту шарасына қатысты. Әз-Зарқа аймағының Ғабауиқаласындағы Иордания Хашимит қайырымдылық ұйымының (ИХҚҰ) қоймасында өткен рәсім Қазақстан Республикасының Иорданиядағы Елшісі Талғат Шалданбай мырзаның да қатысуымен өтті. Газаға 12 жүк көлігіне тиелген – 200 тонна бірінші сұрыпты бидай ұны жөнелтілді.
Бұл шара АҚИҰ маңыздылығын қуаттаумен қатар, ұйымның гуманитарлық қызметінің, соның ішінде аталған бастаманы жүзеге асыруда шешуші рөлінің куәсі болды. Сондай-ақ,Қазақстанның дүние жүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін ілгерілету мен гуманитарлық дағдарыстарды шешуге деген ұстанымын көрсетеді.
2023 жылдың қазан айынан бастап жүргізілген шабуылдар Газа секторында адамдардың тіршілігін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдардың-үйлер мен ауруханалардың жаппай қирауына әкеліп, миллиондаған адамдарды баспанасыз қалдырды.Осыған байланысты қажетті гуманитарлық көмектердің қажеттілігі 2023 жылдың 11 қарашасында Біріккен АрабӘмірлігінде өткен Ислам Саммитінде атап өтіліп, нәтижесінде азық-түлік тапшылығына жол бермеу үшін шұғыл көмек көрсетутуралы үндеу жасалды. АҚИҰ арнайы Жарғы бекітіп, бұл дағдарысқа Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) өтініші бойынша гуманитарлық бағдарламаларға қатысуға ниет білдірді.
Бұдан бөлек, 2024 жылдың басында АҚИҰ Газадағы аштық қаупімен күресу үшін шұғыл үндеу жариялап, «Адамзатқа ұн» бағдарламасын іске қосты. Газа секторына 1000 тонна бидай ұнын жеткізуді көздейтін бұл бастама БҰҰ Таяу Шығыстағы Палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі агенттігінің (UNRWA) шұғыл көмек беру туралы үндеуіне қолдау. Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Бангладеш Халық Республикасы және Әзірбайжан Республикасы секілді ИЫҰ-намүше мемлекеттердің жомарт көмегімен, сондай-ақ Иордания Хашимит қайырымдылық ұйымының серіктестігімен жүзеге асырылған бағдарламаның бірінші кезеңінде 200 тонна жүк жіберілді.
Салтанатты рәсім барысында Иордания Хашимит қайырымдылық ұйымының өкілдері Иордания арқылы тұрақты гуманитарлық қолдау көрсету бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады. Айта кету керек, бұған дейін бейбіт келісім орнамаған уақытта, Израиль билігінің орнатқан шектеулері Газаға жүк тасымалдауды айтарлықтай қиындатқан болатын. ИХҚҰбастамаларына азық-түлік көмегі ғана емес, сонымен қатар, медициналық көмек және қақтығыс кезінде осал адамдарға баспана беру және т.б қолдаулар кіреді. Бас директор Берік Арын мен Қазақстан Елшісі Талғат Шалданбай ұйымның қоймаларымен танысып, ИХҚҰ мүмкіндіктері туралы мәлімет алды, одан кейін Газаға бет алған көліктерге жүк тиеу рәсімі өтті.
Аталған көліктер екі күннің ішінде Керем Шалом/Карам Абу Салем шекара өткеліне жетеді деп күтілуде. Ол жерде БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының (World FoodProgramme, WFP) және БҰҰ-ның басқа агенттіктерінің өкілдері жүкті қабылдауды үйлестіреді, қажетті заттар қауіпсіз жеткізілетін болады. Бұл іс-шара АҚИҰ-ның аталған аймақтағы алғашқы тікелей бастамасы емес, ұйым сонымен қатар мұсылман елдерінің Қызыл Жарты Ай, үкіметтік емес ұйымдарымен және т.б қайырымдылық агенттіктерімен өткізілетін игі шараларға белсенді қатысады.
Салтанатты рәсім 46 000-нан астам адамның өмірін қиған 465 күндік соғыстан кейін Газада уақытша атысты тоқтату келісімімен тұспа-тұс келді. Бұл қақтығыс негізгі инфрақұрылымның бұзылуы және қыстың қатал жағдайында миллиондаған адамдардың қоныс аударуына әкелді. Газада балалар азық-түлік тапшылығына ұшырады. 2024 жылдың соңына қарай Газада шамамен 1,84 миллион адамға азық-түлікжетіспеген. Олардың 133 мыңға жуығы аштықтың алдында тұр. Азық-түлік қауіпсіздігі кезеңдерінің кешенді тізбесіне (IPC) сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде халықтың шамамен 96 пайызы, яғни 2,15 миллионнан астам адам – азық-түлікке зәруболған.
Бас директор Берік Арын БҰҰ серіктестеріне, ИХҚҰ-ға және қайырымдылық жасаған Мүше Мемлекеттерге шынайыризашылығын білдірді. Сондай-ақ АҚИҰ-ның бейтараптылық, қайырымдылық, адамгершілік принциптерін ұстанатынын атап өтіп, Ұйым әрдайым осындай көмектер лебін жалғастыратынына назар аударды. Бас Директор сонымен қатар ИЫҰ-на мүше елдердің Газаны қолдауының маңыздылығын айтты. АҚИҰ ұзақ мерзімді қалпына келтіру жұмыстарын, Газаның ауылшаруашылық секторын жандандыруды және негізгі инфрақұрылымдарды қалпына келтіруді ілгерілетуге қол ұшын созатын болады.