Астана, 2024 жылғы 9 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Берік Арынды қабылдады. Кездесу барысында Берік Арын Қазақстанның мұсылман әлеміндегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстан Үкіметіне ұйымның бастамаларын тұрақты қолдауы үшін алғысын білдірді.
Кездесуде АҚИҰ мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, сондай-ақ Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) мүше елдердегі азық-түлік проблемаларын шешуге бағытталған негізгі бастамалар талқыланды. АҚИҰ басшысы 2024 жылға арналған Стратегиялық бағдарламалар мен бюджетті бекіткен АҚИҰ Атқарушы Кеңесінің 12-ші және 13-ші отырыстарының қорытындыларына шолу жасады, сондай-ақ 22-24 шілдеде Астанада АҚИҰ-ның тікелей қолдауымен өткен ИЫҰ мен БҰҰ Хатшылықтарымен бағынысындағы ұйымдарының үйлестіру кездесуінің қорытындылары туралы хабарлады. Бұл кездесуде БҰҰ делегациясын БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Х. Хиари, ИЫҰ делегациясын - ИЫҰ Бас хатшысының орынбасары А. Сенгендо басқарған болатын .
Б. Арын Астанада 2025 жылға жоспарланған және ИЫҰ-на мүше елдердегі азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық мәселелерін талқылауға арналған АҚИҰ Бас Ассамблеясының алдағы 7-ші сессиясына дайындықтың маңыздылығын атап өтті.
Әңгіме барысында ұйым пысықтаған жобалар, оның ішінде Қазақстанның белсенді қатысуымен бірқатар маңызды бастамалар қаралды. Атап айтқанда, Қазақстанда IOFS генетикалық банкін құру – болашағы мол жобалардың бірі болып табылады, ол ИЫҰ-на мүше елдердегі азық-түлік төзімділігін нығайтуға және генетикалық ресурстарды сақтауға бағытталған.
Кездесу соңында екі тарап АҚИҰ мен Қазақстанның өзара тиімді ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, ИЫҰ-ға мүше елдердің аграрлық секторын дамыту және жалпы ислам әлемінде ұзақ мерзімді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты шешімдерді ілгерілетуге өз міндеттемелерін растады.
---
Генеральный директор ИОПБ встретился с Заместителем Премьер-Министра и Министром иностранных дел Казахстана
Астана, 9 сентября 2024 года Его Превосходительство Генеральный директор Исламской организации по продовольственной безопасности (ИОПБ) Берик Арын был принят Его Превосходительством Заместителем Премьер-Министра-Министром иностранных дел Казахстана Республики Казахстан Муратом Нуртлеу. В ходе встречи Б. Арын подчеркнул важную роль, которую Казахстан играет в обеспечении продовольственной безопасности в исламском мире и укреплении международного сотрудничества и выразил благодарность Правительству Казахстана за неизменную поддержку инициатив международной организации.
На встрече были обсуждены вопросы укрепления сотрудничества между ИОПБ и Казахстаном, а также ключевые инициативы, направленные на решение продовольственных проблем в странах-членах Организации исламского сотрудничества (ОИС). Глава ИОПБ представил обзор итогов 12-го и 13-го заседаний Исполнительного совета ИОПБ, в рамках которых были утверждены стратегические разработки и бюджет на 2024 год, а также сообщил об итогах Координационной встречи Секретариатов ОИС и Организаций Объединенных Наций, состоявшей 22-24 июля в Астане при непосредственном участии и поддержке ИОПБ, на которой делегацию ООН возглавил Заместитель Генерального секретаря Х.Хиари, делегацию ОИС - Заместитель Генерального секретаря А.Сенгендо.
Б. Арын подчеркнул важность подготовки к предстоящей 7-й сессии Генеральной Ассамблеи ИОПБ, запланированной на 2025 год в Астане и призванной обсудить глобальные вопросы продовольственной безопасности в странах-членах ОИС.
В ходе беседы был рассмотрен ряд важных проектов, проработанных Организацией, в том числе с активным участием Казахстана. Отмечено, что одним из перспективных проектов является создание Генетического банка ИОПБ в Казахстане. Проект направлен на укрепление продовольственной устойчивости и сохранение генетических ресурсов для стран-членов ОИС.
В завершение встречи обе стороны подчеркнули важность укрепления взаимовыгодного сотрудничества ИОПБ и Казахстана и подтвердили свою приверженность продвижению устойчивых решений по развитию аграрного сектора стран-членов ОИС и обеспечению долгосрочной продовольственной безопасности в исламском мире в целом.
https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/842479?lang=ru