Ислам ұйымы бір жылдық жұмысын қорытындылады

Ислам ұйымы бір жылдық жұмысын қорытындылады
13 December 2022
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы бір жылдық жұмысын қорытындылады. Ұйым соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығы, биотехнология, генетикалық ресурстар мен астық қоры сияқты салаларға қатысты 50-ге тарта меморандумды бекіткен.
 
Сондай-ақ 16 халықаралық маңыздағы бағдарламаны іске қосты. Бұл жөнінде ұйымның бас директоры Ерлан Байдәулет форум кезінде айтты. Халықаралық шараға Швейцария, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері мен Қатар секілді 20 мемлекеттің өкілдері қатысты.
 
Сарапшылардың айтуынша ұйым аз уақыт ішінде Ислам әлемі елдеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламаларын үйлестіретін негізгі платформа бола алатынын дәлелдеп отыр.
Ерлан Байдәулет, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының бас директоры:
 
Жалпы стратегиямыз бойынша бізде 5 жол бойынша 16 бағдарламамыз бар. Бағдарламаны орындау ол жәй ғана жеңіл мәселе емес. Оны тек қана бірігіп істеуіміз керек. Ел қолдап жатыр. Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдермен жұмыс істеп жатырмыз.
 
Please find the original version of the article below:

https://qazaqstan.tv/news/168485/