Menu
Back Артқа қарай
АҚИҰ Каирде өткен ИЫҰ Су Кеңесінің екінші отырысына қатысты
Date 2019-10-24 17:15:00
АҚИҰ Каирде өткен ИЫҰ Су Кеңесінің екінші отырысына қатысты

21-22 қазанда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының өкілі Каирде (Египет Араб Республикасы) өткен ИЫҰ Су Кеңесінің екінші отырысына қатысты. Кездесуді Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) және Египеттің Су және ирригация министрлігі ұйымдастырды. Кездесуге АҚИҰ-ның Солтүстік Африка және Таяу Шығыс елдері бойынша менеджері Фараж Ахмед мырза қатысты.

Египет, Сауд Арабиясы, Марокко, Йемен, Сомали, Пәкістан, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Сенегал, Кот-д'Ивуар, Сьерра-Леоне және ИЫҰ, SESRIC, INWRDAM, ICBA, IsDB және ISESCO сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері де аталмыш сессияға қатысты.

SESRIC, ISESCO, IsDB, INWRDAM өкілдері 2017 жылғы қарашада Түркияда өткен ИЫҰ Су Кеңесінің бірінші отырысынан кейін атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

АҚИҰ өкілі Фараж Елзарук мырзаға Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен таныстыру және жоспарларын қорытындылау мүмкіндігі берілді. Кездесу барысында Елзарук мырза SESRIC, INWRDAM, ICBA және ISESCO ұйымдарымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, ол Сауд Арабиясы Су шаруашылығы министрінің орынбасары, Йемен су шаруашылығы министрінің орынбасары және Египеттің су шаруашылығы және ирригация министрінің орынбасарларымен таныстырылды.

ИЫҰ Су Кеңесінің екінші отырысында басты назар қазіргі проблемаларды шешуге, су тапшылығына тап болған елдерге көмек көрсетудің жолдарын іздеуге, инновациялық зерттеулер мен су стратегияларын жасауға қатысты болды.

Кездесуден кейін қатысушылар 2020 жылы Сауд Арабиясында өтетін ИЫҰ Су Кеңесінің үшінші отырысына қатысу қажеттілігі туралы келісті.


The information provided by Islamic Organization for Food Security (“IOFS”) on iofs.org.kz (the “Site”) is for general informational purposes only. IOFS is a non-profit international organization and all information on the Site is provided in good faith, without any intent to commercialize, profit or otherwise exploit any content. Any commercial use, including without limitation reselling, charging to access, redistribution, or for derivative work such as unofficial translations based on these documents, are not allowed. All posts, publications, texts and any other forms of information on the Site owned by authors and references are linked within.

Under no circumstance IOFS shall have any liability for any loss or damage of any kind incurred as a result of the use of the Site.