Menu
Back Артқа қарай
АҚИҰ ТМД аймақтарындағы халал индустриясының негізгі мәселелерін анықтайды
Date 2019-08-23 08:17:47
АҚИҰ ТМД аймақтарындағы халал индустриясының негізгі мәселелерін анықтайды

Бірыңғай сертификаттау жүйесі құрылмайынша, посткеңестік елдерде шошқа еті араласқан «халал» таңбасы бар тағамдарды жеу жалғаса береді. Бұл ТМД елдеріндегі халал индустриясын дамыту жөніндегі жұмыс кеңесінде айтылған негізгі хабарлама. Халал жүйесін жетілдіру үшін қатысушылар арнайы Жол картасын жасауға келісті.

Қазақстанда халал өнімдерін стандарттау бөлімі бес жыл бұрын құрылған. Алайда шошқа ДНҚ-сы әлі де халал шұжықтарда кездеседі. Кездесу барысында «САПА» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» ұлттық қауымдастығының өкілі Римма Гахова өткен жылдың қазан айында «МПЗ Бижан» ЖШС, «Первомайские деликатесы» ЖШС, және «Рубиком» ЖШС халал өнімдерінде шошқа ДНҚ-сы табылғанын айтты. Бұл компанияларға халал сертификаттарының кім және қалай берілгендігі әлі де анықтай жатармыз.

Осындай мәселелер Ресейде де кездесіп жатады. Жақында танымал ет өндірушісі «Царицыно» ААҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мұның себебі, халал ретінде сатылатын кәсіпорынның шұжықтарынан шошқа етінің табылуы. «Царицыно» ААҚ жеке коммерциялық компания «Халал» аудит және бақылау орталығы» ЖШҚ-нан халал стандартты өнімдерін шығаруға сертификат алғаны анықталған. Және де, бұл ұйым мұсылмандар діни басқармаларының ешқайсысына мүше емес.

Посткеңестік кеңістіктегі халал индустриясындағы проблемалар бірдей. Семинар барысында бұл мәселе жөнінде оларды Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Бас директоры Ерлан Байдаулет айтты. Оның пікірінше, ең басты мәселе – бірыңғай халықаралық сертификаттау жүйесінің болмауы. Бүгінгі таңда ТМД елдерінде сертификаттарды халықаралық, мемлекеттік және жеке компаниялар шығарады. Сонымен бірге, негізгі құжаттарды беретін бір орган екінші бір органның әрекетін мойындамайды. Байдаулет мырзаның пікірі бойынша екінші мәселе – мемлекеттік және халықаралық деңгейде аккредиттеудің болмауы. Бұл жеке компаниялар аккредиттеу туралы куәліксіз жұмыс істейтінін атап өтті. Сонымен қатар, халал сертификаттарын беретін көптеген ұйымдар тіркелген заңды тұлғалар емес және жеке тұлғалар болып табылады. Үшінші мәселе – халал сертификаттау органдарының, тіпті бір елде орналасқанына қарамастан өзара байланыстың болмауы. Қазіргі уақытта Қазақстандағы бес үкіметтік емес ұйым сертификаттауды жүзеге асыруда: «Қазақстанның халал-индустрия қауымдастығы» ЖШС, «Халал Даму» ЖШС, «Халал Холдинг» ЖШС, «Халал сапа» ЖШС, «Халал қызметтер альянсы» ЖШС. Әр компания өз стандарттарына сәйкес жұмыс істегенді жөн көреді. Төртінші мәселе, сертификаттау жөніндегі органдар «халал» және «халал емес» өнімдері бірдей жабдықта өндірілетін аралас компанияларға «Халал» сертификатын береді. Бесінші мәселе, сертификаттау органдарының көпшілігі ПТР (Полимераза тізбегінің реакциясы) мен шошқа ДНҚ-ны анықтау үшін гендік зертханаларға бармайды. АҚИҰ директорының пікірінше, алтыншы мәселе – исламдық қаржыландыруға қол жетімділігінің  болмауы.

Кездесудің барлық қатысушылары халал индустриясының өкілдеріне ТМД елдерінде мойындалатын мемлекетаралық стандарт қажет деп келісті. Сонымен бірге, SMIIC бас хатшысы Ихсан Овут ислам елдерінде мұндай стандарт бұрыннан бар екенін еске салды. Сондықтан, жаңа бірдеңе ойлап шығармай-ақ, бірден SMIIC ережелерін қолданып, саудадағы техникалық кедергілерді азайтуға болады. Алайда, бір қиын мәселе бар – біздің елдеріміздің SMIIC стандарттары мен басқа да нормативтік құжаттарын жетілдіруге қатысуы, әлі де мәселе болып табылады. Сонымен қатар, қазірдің өзінде халал стандарттарын қайта құру туралы ұсыныстар келіп түсуде.

Мәселен, Татарстан Республикасы Мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Халал стандарт комитетінің төрағасы Ирек Зиганшин мал терісінен сиыр еті ақуызы бар өнімдерді сертификаттамауды ұсынады. Зиганшин мырзаның айтуынша, құзырлы мамандар жануарлар ақуызының толық емес екенін растады, бұл өндіріс шығындарын азайтады. Мұндай шикізат күмән тудырады, халал табиғатын анықтау қиын. Сонымен қатар, Татарстанның сертификаттау органдары ірімшіктер өндірісінде жануарлардың халал жануарлардан алынбайтын мәйек ферментін пайдаланылмауын қамтамасыз етеді. Механикалық союды қолданатын компанияларға «Халал» сертификаты берілмейді. Бұл тек ірі қара мен ұсақ малды союға ғана емес, сонымен қатар құс фабрикаларына да қатысты.

Нәтижесінде отырысқа қатысушылар Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) Хатшылығына 2019 жылдың 10 тамызына дейін ТМД аймағындағы халал жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды ұсынды. Құзыретті және жауапты тұлғалар 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін «Халал жүйесін жетілдірудің жол картасын» жасауы керек. SMIIC бас хатшысы Ихсан Овут өз кезегінде халалдың бірыңғай стандарттарын әзірлеу, енгізу және аудит бойынша кеңесші болуға шақырылды. Отырыс барысында АҚИҰ қатысушы елдердің құзыретті органдарына әрі қарай жұмыс жасау үшін тиісті хаттар мен құжаттарды жіберу туралы шешім қабылданды.


The information provided by Islamic Organization for Food Security (“IOFS”) on iofs.org.kz (the “Site”) is for general informational purposes only. IOFS is a non-profit international organization and all information on the Site is provided in good faith, without any intent to commercialize, profit or otherwise exploit any content. Any commercial use, including without limitation reselling, charging to access, redistribution, or for derivative work such as unofficial translations based on these documents, are not allowed. All posts, publications, texts and any other forms of information on the Site owned by authors and references are linked within.

Under no circumstance IOFS shall have any liability for any loss or damage of any kind incurred as a result of the use of the Site.