Menu
Back Артқа қарай
АҚИҰ және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі стратегиялық ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады
Date 2020-02-25 12:40:23
АҚИҰ және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі стратегиялық ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады

4 ақпанда Сауда және интеграция министрлігінің ғимаратында АҚИҰ Бас директоры Е.Байдәулет және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы бастаған делегацияның кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар АҚИҰ/ИЫҰ елдері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, халал азық-түлік стандарттарын ілгерілету және исламдық тамақ өнімдерін қайта өңдеу қауымдастығы (IFPA) аясында экспортты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. IFPA исламдық қаржыландыру мен инвестицияларды тарту, ақпарат алмасу және ИЫҰ-на мүше елдер арасындағы халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту арқылы тамақ өнеркәсібін және оның экспорттық әлеуетін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, тараптар 2020 жылы Қазақстанның сауда және агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды (жұмыс тобының отырыстары, семинарлар мен конференциялар) өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Және де, Қазақстан өнімдерді экспорттау үшін Орталық Азияда көтерме сауда орталықтарының желісін ашуды жоспарлап отыр және АҚИҰ ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін бірыңғай терезе құру және олардың арасындағы өзара сауданы арттыру арқылы ИЫҰ елдерінде азық-түлік қауіпсіздігін күшейтеді деп болжайды.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар АҚИҰ мен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мәселесін қарастыруға келісті.


The information provided by Islamic Organization for Food Security (“IOFS”) on iofs.org.kz (the “Site”) is for general informational purposes only. IOFS is a non-profit international organization and all information on the Site is provided in good faith, without any intent to commercialize, profit or otherwise exploit any content. Any commercial use, including without limitation reselling, charging to access, redistribution, or for derivative work such as unofficial translations based on these documents, are not allowed. All posts, publications, texts and any other forms of information on the Site owned by authors and references are linked within.

Under no circumstance IOFS shall have any liability for any loss or damage of any kind incurred as a result of the use of the Site.