Menu
АҚИҰ тарихы
2011 жылғы 28-30 маусымда Астана қаласында Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші мәжілісі болып өтті және Қазақстан Республикасы ИЫҰ-ға төрағалық етті.
Сессияның ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан азық-түлік өндіретін және экспорттайтын мемлекет ретінде, азық-түлік бойынша ИЫҰ шеңберіндегі бірлескен, штаб-пәтері Қазақстанда орын алатын ұйым құруды ұсынды. ИЫҰ-на мүше мемлекеттер Қазақстанның бұл ұсынысын бірауыздан қолдады.

Ұйымның атауы және оның Жарғысының жобасы 2013 жылғы 11-12 маусымда Астана қаласында өткен ИЫҰ мемлекеттерінің үкіметаралық сарапшылар жиналысында тұжырымдалды.
2013 жылдың 9-11 желтоқсанында Гвинеяның Конакри қаласында өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің 40-шы сессиясында ИЫҰ-на мүше 19 мемлекет АҚИҰ жарғысына қол қойды.

2016 жылғы 28 сәуірде АҚИҰ Бас ассамблеясының бірінші отырысы азық-түлік қауіпсіздігі және ауылшаруашылық салаларындағы министрлердің 7-ші конференциясымен бірге өтті. 
АҚИҰ Бас Ассамблеясының бірінші сессиясында АҚИҰ Атқарушы Кеңесінің Төрағасы (Сауд Арабия) және мүшелері (Қазақстан, Буркина-Фасо, Нигер, Түркия, Бангладеш, Судан) сайланды; Бас директор Қазақстан Республикасы үкіметінің кандидаты болды. Ассамблеяның басқа нәтижелері Рәсімдер ережелерін, қаржылық ережелерді, кадрлық ережелерді және 5 жылдық іс-қимыл жоспарын қабылдау болды.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының Екінші Бас ассамблеясы Сауд Арабиясы Корольдігінің Джидда қаласында 2019 жылғы 27-29 тамыз аралығында «Азық-түлік қауіпсіздігі» ұранымен Исламдық ынтымақтастықты дамыту аясында өтті. Форумның қорытындысы бойынша Ерлан Байдәулет мырза АҚИҰ бас директоры болып сайланды. Сауд Арабиясы Бас ассамблеяның төрағасы, Тәжікстан мен Гамбия вице-төрағалар, ал Қазақстан баяндамашы болып сайланды.
Қазақстан, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Буркина-Фасо, Гамбия және Бангладеш ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері АҚИҰ Атқарушы Кеңесінің мүшелері болып сайланды. Іс-шара барысында Нигерия АҚИҰ Жарғысына қол қойып, Ұйымның 34-ші мүшесі болды.

Ассамблея Кеңестің түрлі ұсыныстарын, оның ішінде келесі бағдарламаларды мақұлдады: Азық-түлік қауіпсіздігі туралы мәліметтер базасы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі аймақтық резерв, Астық қоры және IFPA. Бұдан басқа, Ассамблея келесі мәселелер бойынша қарарларын шығарды:
Екі халықаралық ұйым, Биосалинді ауылшаруашылықтың халықаралық орталығы (ICBA) және Сахелдегі құрғақшылықты бақылау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін мемлекетаралық комитет (CILSS) АҚИҰ бақылаушысы мәртебесін алды.