Menu
Біз туралы

ҰЙЫМ ТУРАЛЫ

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - ИЫҰ) 22-бабына сәйкес, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі мақұлдағаннан кейін, ұйым көмекші органдарды, мамандандырылған институттарды құрып, мәртебе бере алады.

Қазақстанда ИЫҰ Азық-түлік қауіпсіздігі институтын құру туралы № 3/39-Е қарар, 2012 жылғы 15-17 қараша аралығында Джибути Республикасының Джибути қаласында өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 39-шы сессиясында қабылданды.

Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының хартиясы 2013 жылы 9-11 желтоқсан аралығында Гвинея Республикасының Конакри қаласында өткен Сыртқы істер министрлерінің 40-шы кеңесінде қабылданды.

21-баптың 1-тармағына сәйкес АҚИҰ жарғысы ратификациялау немесе қабылдау туралы 10-құжат тапсырылған күннен бастап 30-шы күні толық заңды күшіне енді. Оныншы ратификациялау туралы құжат 2018 жылдың 19 ақпанында ұсынылды.

АҚИҰ-ның институт ретінде құрылуы ИЫҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі және ауылшаруашылық дамуы жөніндегі министрлер конференциясының 7-ші сессиясы және АҚИҰ Бас ассамблеясының 2016 жылғы 28 сәуірде Астана қаласында өткен отырысы кезінде болды.

АҚИҰ МҮШЕ ЕЛДЕРІ

Қазіргі уақытта АҚИҰ -да Ауғанстан, Біріккен Араб мемлекеттері, Бангладеш, Буркина-Фасо, Гамбия, Палестина, Катар, Қазақстан, Кувейт, Египет, Нигер және Сауд Арабиясы Корольдігі сияқты он бес (15) толық мүше мемлекет (ратификацияланған) бекітілген. Бірақ, АҚИҰ Жарғысына 34 мемлекет қол қойған. ИЫҰ-ға мүше әрбір мемлекет Жарғыға қол қойылғаннан кейін, сондай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкес және АҚИҰ туралы жазбаша хабарлама бойынша мүшеліктің заңды рәсімдері аяқталғаннан кейін АҚИҰ мүшесі бола алады.

АҚИҰ ҚҰҚЫҚТЫҚ МҮМКІНДІГІ

АҚИҰ ИЫҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылады. АҚИҰ өзінің қызметін толықтай жүзеге асыру және осы Жарғыда белгіленген мақсаттарға жету үшін өзінің толық құқық қабілеттілігін пайдаланатын халықаралық ұйым ретінде толық заңды тұлға мәртебесіне ие.  

АҚИҰ ҚҰҚЫҚ БӨЛІМІ

АҚИҰ органдары:

  1. Бас ассамблея;
  2. Атқарушы кеңес
  3. Хатшылық

АҚИҰ-ын ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЮРИСДИКЦИЯСЫНДА МОЙЫНДАУ

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның ұлттық заңдарынан басым болады.
  2. № 480-V «Заң актілері туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдарынан басым болады және егер халықаралық шартта оның қолданылуы заңның жариялануын талап етпесе, тікелей қолданылады.
  3. № 54-III Халықаралық шарттар туралы заңның 1-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты - бұл Қазақстан Республикасының шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жасасқан халықаралық келісімі жазбаша түрде беріледі және халықаралық құқықпен реттеледі.

Осылайша, АҚИҰ жарғысы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 256-V Заңымен бекітілді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚИҰ арасындағы штаб-пәтер туралы келісім Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 110-VI Заңымен бекітілген.